«ҚТЖ-ның 100 жас тұлғасы» жобасы компанияның жас дарынды қызметкерлерді дамытуға бағытталған жастар саясаты аясында жүзеге асырылып жатқан бастама болып табылады.
«ҚТЖ-ның 100 жас тұлғасы» жобасы компанияның жас дарынды қызметкерлерді дамытуға бағытталған жастар саясаты аясында жүзеге асырылып жатқан бастама болып табылады. Үздік 100 тұлға тізіміне ілінген жеңімпаздар компаниядағы операциялық кадр резерві және өзгерту агенттері болып табылады.
Астанада өткен «ХІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ» аясында қатысушылар төсбелгілермен, сертификаттармен марапатталып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшылығымен таныстырылды.
⠀
Жеңімпаздар қатарында «Құрық порты» ЖШС қызметкері – жағалау теңізшісі Серік Балтабайұлы да болды.
⠀
Әріптесімізді лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Тоқтамай, әрқашан алға ұмтылуға тілектеспіз!