Құрық портында тереңдету жұмыстары аяқталды

Жұмыс рекордтық мерзімде орындалды.

19 желтоқсан, 2024

Жұмыс рекордтық мерзімде орындалды. Бас мердігер «Jan De Nul Kazakhstan» ЖШС 4 ай ішінде Каспий теңізіндегі ең қуатты «Vesalius» балшық сорғыш кемесін (фреза қуаты 1325 кВт) пайдалана отырып, порттың астыңғы бөлігіндегі ерекше қатты топыраққа қарамастан, акваторияны тереңдетті.
Жұмысқа «Jan De Nul Kazakhstan» ЖШС компаниясының төрт кемесі, қазақстандық мердігерлердің буксирлері мен техникасы, қазақстандық жобалау және сюрвейерлік компаниялары тартылды.

Қазылған топырақ көлемі 999 719 м3 құрады. Қазіргі уақытта су айдынының және порттың кіреберіс каналында тереңдік 7-ден 8 метрге дейін жетеді, бұл портта өңделетін кемелердің өтпелі батуын ұлғайтуға және олардың толық тиелуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

* «Jan De Nul Kazakhstan» ЖШС (Ян Де Нул Казахстан), жер түбін тереңдету және теңіз құрылысы саласында әлемге әйгілі Jan De Nul N.V. бельгиялық холдингінің еншілес кәсіпорны.

slide