"Құрық порты" ЖШС-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу басталды
істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, 2025 жылғы 03 наурыздан бастап жұмыс тобы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап
2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында «Құрық
порты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізуді бастады:
1) сатып алу процестерін реттеу бөлігінде Серіктестік қызметіне әсер ететін нормативтік-құқықтық
актілерде және ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау (жоспарлау кезеңдері, сатып алу процесі және орындалу мониторингі);
2) сатып алу процесінің
ұйымдастырушылық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау (жоспарлау кезеңдері, сатып алу процесі және орындалу мониторингі).
«Порт Құрық» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамын оның басшысы – Бас директордың пайдалану жөніндегі орынбасары Б.Г. Алибеков бекітті, оның құрамына «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы «Адал жол» ӨБ бас менеджері «Көп функционалды қызмет көрсету орталығы» Ч.А. Агжанбаев, сондай-ақ аймақтық "Атамекен" ҰКП мен ҮЕҰ өкілдері және Серіктестік қызметкерлері кірді.