Көктем керемет мерекемен – Халықаралық әйелдер күнімен басталады!
Көктем керемет мерекемен – Халықаралық әйелдер күнімен басталады! 8-ші наурыз мерекесі қарсаңында «Құрық порты» ЖШС кеңсесінде мерекелік шара өтті. Кәсіподақ комитеті Серіктестіктің ерлер ұжымымен бірлесе отырып, аруларды көктем мерекесімен құттықтады.
Әйел қызметкерлерімізді мерекемен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық және махаббат тілейміз! Әр күніңіз қуанышқа, жақындарыңыздың жылуына толы болсын! Жарқырап жүріңіздер!