«Құрық порты» ЖШС мен «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басқармасы» РММ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжатта әскери және азаматтық кемелердің қажеттіліктерін ескере отырып, ӘТК кемелерін орналастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету, арқандап байлау жұмыстарын ұйымдастыру, порт инфрақұрылымын дамыту бойынша күш біріктіру көзделген.