Өнеркәсіптік қауіпсіздік кез келген кәсіпорынның табысты жұмысының негізі болып табылады. Қауіпсіз еңбек жағдайлары қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін сақтап қана қоймай, бизнестің тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.

Ақылбек Бекмұратов – «Құрық порты» ЖШС-де қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуде басты рөл атқаратын маман. Оның міндетіне нормалар мен стандартттардың сақталуын бақылау ғана емес, сонымен қатар апаттар мен оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша белсенді жұмыс жасау кіреді.
Бұл мамандық жоғары жауапкершілік пен білімді, сонымен қоса басқа мамандармен бір командада жұмыс істеу қабілетін талап етеді. Өйткені, қауіпсіздік - бұл ережелердің жиынтығы ғана емес, бұл - әрбір өндіріс үдерісінде дамыту және қолдауды қажет ететін мәдениет болып табылады.