Құрық портындағы Саржа терминалының айлағында жаңа құрғақ жүк таситын кеме суға жіберілді.
Құрық портындағы Саржа терминалының айлағында жаңа құрғақ жүк таситын кеме суға жіберілді.
Кеме мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның белгілі мұнайшысы Нәсіпқали Марабаевтың құрметіне аталған және оны бірлескен қазақ-араб кеме кәсіпорны басқарады.
Салтанатты шара барысында бірлескен кеме кәсіпорнын ашқан қазақстандық Semurg Invest мен Freeseas Container Shipping компаниялары Каспий теңізінде жаңа кемелерге инвестиция тарту туралы меморандумға қол қойды. Кемелердің санын 6 бірлікке дейін арттыру жоспарлануда.
«Нәсіпқали Марабаев» құрғақ жүк таситын кемесі заманауи құралдармен жабдықталған, құрғақ және жалпы жүктерді тасымалдауға арналған. Жүк көтергіштігі – 7000 тонна, ұзындығы – 136 м, биіктігі – 7 м.