«Қазақстан – Қытай» бірінші көлік форумы аясында «Құрық порты» ЖШС бірқатар құжаттарға қол қойды

Форумды Қазақстан мен Қытайдың көлік министрлері Марат Қарабаев пен Лю Вэй ашты.

15 мамыр, 2025
Форумды Қазақстан мен Қытайдың көлік министрлері Марат Қарабаев пен Лю Вэй ашты.

Мұнда екі елдің бизнес-қауымдастығы мен көлік-логистикалық компанияларының 300-ден астам өкілдері қатысуда. Форум B2B және G2B кездесулерін қамтиды. Бұл форум жыл сайын өтетін шараға айналады деп күтілуде. 

Форум барысында «Құрық порты» ЖШС бас директоры Серік Ахметов пен Qingdao Port International Co., Ltd бас директоры Чжан Баохуа келесі құжаттарға қол қойды:

«Құрық порты» ЖШС мен SPG Qingdao Port Group Co., Ltd арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум, оның негізгі мақсаты порттың ресурстық синергия арқылы өткізу қабілетін арттыру мақсатында өзара тиімді негізде ынтымақтастық мүмкіндігін зерттеу болып табылады.

«Құрық порты» ЖШС мен SPG Qingdao Port Group Co., Ltd. (туыстас порттар) арасында серіктестік қатынастарын орнату туралы келісім. Компаниялар порттарды жоспарлау және дамыту, пайдалану және басқару процестері, смарт және экологиялық таза порттар салу, қызметкерлерді оқыту, процестерді жақсарту, өнімділікті арттыру және т.б. салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті.

 

*SPG Qingdao Port Group Company Limited бес негізгі порт аймағынан тұрады: Циндао Даган порты аймағы, Хуандао мұнай порты аймағы, Цяньван порты аймағы, Дунцзякоу порты аймағы және 116 өндірістік айлағы бар Вэйхай порты.

slide
slide
slide
slide