«Құрық порты» ЖШС мен «Huapengfei» компаниясы Меморандумға қол қойды

Бүгін, 30 мамырда бас кеңседе «Құрық порты» ЖШС мен «Huapengfei» компаниясы жүк көліктерін тасымалдау саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

30 мамыр, 2025

Құжат Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) бірлесе дамыту және стратегиялық серіктестік орнату мақсатында ынтымақтастықты кеңейтуді әрі нығайтуды көздейді. Сонымен қатар, меморандум тараптардың артықшылықтарын толық пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы автокөлік тасымалдары саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және жүк тасымалдау логистикасын сыртқы сауда нарықтарына ұйымдастыруға бағытталған.

Осы Меморандумды іске асыру үшін Тараптар екі жақ өкілдерін қамтитын жұмыс тобын құрады. Жұмыс тобы нақты іс-шаралар жоспарын, құқықтық және ұйымдастыру мәселелерін әзірлейді.

slide
slide