Ағымдағы жылдың мамыр айында Құрық порты жұмыс істей бастағаннан бері ай сайынғы жүктерді ауыстырып тиеу бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.
Ағымдағы жылдың мамыр айында Құрық порты жұмыс істей бастағаннан бері ай сайынғы жүктерді ауыстырып тиеу бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Қол жеткізілген ауыстырып тиеу көлемі 267 мың тоннаны құрады, бұл бұрынғы рекордтық көрсеткіштен 7% жоғары (2023 жылғы маусымда 251 мың тонна болатын).
Экспорттық өнімдердің негізгі көлемін дәнді дақылдар (арпа), мұнай өнімдері (мазут) және химия өнімдері құрады.
«Құрық порты» ЖШС бас директоры Серік Ахметов Серіктестіктің барша ұжымына жемісті жұмысы үшін алғысын білдіреді! Алдағы уақытта да табыс пен жаңа жетістіктер күтсін деп тілейді!