Ағымдағы жылдың 9 маусымында Серік Жетпіспайұлы Ахметов «Құрық порты» ЖШС бас директоры қызметін аяқтағанын хабарлаймыз.

Ағымдағы жылдың 9 маусымында Серік Жетпіспайұлы Ахметов «Құрық порты» ЖШС бас директоры қызметін аяқтағанын хабарлаймыз.

09 маусым, 2025

Достар, әріптестер және серіктестер!

Ағымдағы жылдың 9 маусымында Серік Жетпіспайұлы Ахметов «Құрық порты» ЖШС бас директоры қызметін аяқтағанын хабарлаймыз.

Серік Ахметовке портты дамытуға қосқан зор үлесі, кәсіби, тиімді басқару және ұжым қызметкерлеріне үнемі қамқорлық көрсеткені үшін Серіктестік ұжымы атынан шынайы алғысымызды білдіреміз.

Оның басшылығымен «Құрық порты» ЖШС айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп, көлік-логистикалық саладағы позициясын нығайтып, бірқатар стратегиялық маңызды жобаларды жүзеге асырды.

Серік Ахметов теңіз көлігі инфрақұрылымы мен халықаралық сауданың дамуына, соның ішінде Құрық портының толыққанды логистикалық кластер ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосты. С.Ж. Ахметовтың тікелей қатысуымен Құрық портының акваториясы мен жақындау арнасында тереңдету жұмыстары жүргізілді. Саржа КТТ Құрық портының акваториясына кірді. Құрық портында қуаттылығы 1 (бір) миллион тонна астық терминалын іске қосуға белсенді түрде үлес қосты.

Сондай-ақ, 2023 жылы Серік Ахметовтің қатысуымен келесі жобалар жүзеге асырылғанын айта кеткен жөн:

- «Құрық порты» ЖШС-ін «Ақтау теңіз порты» АЭА құрамына қосу.

- Еуропалық "EcoPort" сертификатын алу – еуропалық порт секторының негізгі экологиялық бастамасы.

Серік Ахметов өзін ұжымды ортақ мақсаттар мен стратегиялық көзқарас төңірегінде біріктірген көреген әрі жауапты басшы ретінде таныта білді. Оның портты дамытуға қосқан үлесі тарихымыздың елеулі бөлігі болып қала бермек.

Барша ұжым атынан бірлескен еңбегіміз, жанашырлығыңыз және кәсібилігіңіз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сіздің басшылығыңызбен жұмыс істеу біз үшін үлкен мақтаныш - болашақта өзара ынтымақтастығымыз жалғасады деп жылы сезіммен үміттенеміз!

slide