Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара аясында бүгін "Құрық порты" ЖШС кеңсесіне Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Маңғыстау облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Мұқатай Нұргүл Тұрлыбайқызы келді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қағидаттары, сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жауапкершілік шаралары, сондай-ақ қызметкерлердің ашықтық пен айқындықты нығайтудағы рөлі қарастырылды.
Ерекше назар барлық деңгейдегі сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік пен этика мәселелеріне аударылды.