“Самұрық-Қазына” АҚ компаниялары қызметкерлері арасындағы X Спартакиада аясында өткен футзал сайысында “Порт Құрық” ойыншысы Искендир Абат Искендирұлы жоғары шеберлік танытып, жүлделі 3-орынды иеленді

Айта кетерлігі, биылғы додада Искендир Абат “Қазақстан Темір Жолы” командасының сапында өнер көрсетіп, командалық жарыстар нәтижесінде ҚТЖ ұжымы 14 спорт түрі бойынша табандылық пен бірліктің үлгісін танытып, медальдар есебі бойынша 🥇 1-орынды жеңіп алды.

11 тамыз, 2025

“Самұрық-Қазына” АҚ компаниялары қызметкерлері арасындағы X Спартакиада аясында өткен футзал сайысында “Порт Құрық” ойыншысы Искендир Абат Искендирұлы жоғары шеберлік танытып, жүлделі 3-орынды иеленді.

Айта кетерлігі, биылғы додада Искендир Абат “Қазақстан Темір Жолы” командасының сапында өнер көрсетіп, командалық жарыстар нәтижесінде ҚТЖ ұжымы 14 спорт түрі бойынша табандылық пен бірліктің үлгісін танытып, медальдар есебі бойынша 🥇 1-орынды жеңіп алды.

Сонымен қатар, Искендир Абат жеке шеберлігі үшін “Үздік қорғаушы” атағымен марапатталды. Бұл – оның ойын барысында көрсеткен тұрақты қорғаныс, сенімді тактикалық ойыны мен жоғары кәсіби деңгейінің лайықты бағасы.

slide