«Құрық порты» ЖШС Түрікменстанның Балқан уәлаятының хәкімі Х. Ашырмырадов бастаған делегациясын қабылдады

Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы достықты және көпжақты стратегиялық әріптестікті нығайтуға арналған 2025–2027 жылдарға арналған мемлекетаралық бағдарлама аясында «Құрық порты» ЖШС Түрікменстанның Балқан уәлаятының хәкімі Х. Ашырмырадов бастаған делегациясын қабылдады.

28 тамыз, 2025

Сапардың мақсаты – сауда-экономикалық және көлік-логистикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту.

Кездесу барысында делегация Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) маңызды бөлігі болып табылатын Құрық портының инфрақұрылымымен танысты. Сондай-ақ, порт басшылығы паром кешенінің қазіргі қызметі мен өндірістік көрсеткіштері туралы ақпаратпен бөлісті.

slide