Қытай-Еуропа бағытының толыққанды операциялық-сервистік платформасын одан әрі қалыптастыру аясында «Құрық порты» ЖШС China Railway Container Transport Co., Ltd компаниясы басшылығы бастаған делегацияны қабылдады.
«Құрық порты» ЖШС-не China Railway Container Transport Co., Ltd делегациясы келді
⠀
Қытай-Еуропа бағытының толыққанды операциялық-сервистік платформасын одан әрі қалыптастыру аясында «Құрық порты» ЖШС China Railway Container Transport Co., Ltd компаниясы басшылығы бастаған делегацияны қабылдады.
⠀
Сапардың мақсаты — сауда-экономикалық және көлік-логистика салаларында екіжақты ынтымақтастықты дамыту.
⠀
Сапар барысында делегация Құрық портының қызметімен, оның өндірістік көрсеткіштерімен танысып, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуетін талқылады.