ҚТЖ құрамасы жоғары деңгейдегі ойын, ұйымшылдық пен нағыз командалық рухты көрсетіп, Қазақстанды абыроймен танытты.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ футбол командасы Анталияда өткен International Corporate Cup 2025 халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. ҚТЖ құрамасы жоғары деңгейдегі ойын, ұйымшылдық пен нағыз командалық рухты көрсетіп, Қазақстанды абыроймен танытты.
«Құрық порты» ЖШС қызметкері Абат Искендир матчтың үздік ойыншысы деп танылды.
⠀
🚆 «ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық кеңсесінде басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов команда мүшелерін жеңіспен жеке құттықтап, еңбегі мен корпоративтік спортты дамытуға қосқан үлесін бағалай отырып, «ҚТЖ – Достық» төсбелгілерін табыстады.
Сондай-ақ, қаржы жөніндегі басқарушы директор Даир Кушеров спортшыларға алғыс пен қолдау білдірді.
⠀
🏆 «Құрық порты» ЖШС бас директордың міндетін атқарушы Бақыткерей Алибеков Абат Искендирге алғыс хат тапсырып, оның тамаша ойыны, табандылығы мен компанияның абыройын халықаралық деңгейде лайықты танытқаны үшін ризашылығын білдірді.