«Құрық порты» ЖШС кеңсесінде қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті

Аппарат басшысы Қайрат Өмірзақов пен экономика бөлімінің басшысы Жұлдыз Ищанғалиеваға Қазақстан мен Қытай темір жолдары түйісуінің 35 жылдығына, сондай-ақ Достық-Мойынты учаскесіндегі екінші жолдың пайдалануға берілуіне орай медальдар табысталды. Марапаттар жоғары кәсібилік, жауапкершілік және саланың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін табысталды.

13 қараша, 2025

«Құрық порты» ЖШС кеңсесінде қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Аппарат басшысы Қайрат Өмірзақов пен экономика бөлімінің басшысы Жұлдыз Ищанғалиеваға Қазақстан мен Қытай темір жолдары түйісуінің 35 жылдығына, сондай-ақ Достық-Мойынты учаскесіндегі екінші жолдың пайдалануға берілуіне орай медальдар табысталды. Марапаттар жоғары кәсібилік, жауапкершілік және саланың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін табысталды.

Сонымен қатар, жетекші инженер-эколог Айнұр Сармурзина «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ қоршаған ортаны қорғау бойынша корпоративтік олимпиадада көрсеткен жоғары кәсіби шеберлігі мен жетістіктері үшін Директорлар кеңесінің төрағасы Т. Алдыбергеновтің құрмет грамотасымен марапатталды.

«Құрық порты» ЖШС әріптестерді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтайды және оларға кәсіби табыстар, жаңа жетістіктер және жаңа биіктерді бағындыруды тілейді!

slide