17-19 қараша аралығында Эстония президенті Алар Карис Қазақстанға сапармен келді.
«Құрық порты» ЖШС басшылығы Қазақстан-Эстония бизнес-форумына қатысып, Таллин портымен өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
⠀
17-19 қараша аралығында Эстония президенті Алар Карис Қазақстанға сапармен келді.
Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алар Карис бизнес-форумның пленарлық отырысында сөз сөйледі.
⠀
Қасым-Жомарт Тоқаев көлік және логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, қаржы секторы және білім беру сияқты екіжақты ынтымақтастықтың болашағы зор бағыттарын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстандағы эстон бизнесінің кеңеюіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін растады.
⠀
Форум барысында екі елдің компаниялары жалпы құны 517 миллион доллардан асатын 11 коммерциялық келісімге қол қойды.