Бүгін, 16 ақпанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Қойшыбаев Ерлан Хамардинұлы ұжымға «Құрық порты» ЖШС-нің жаңа Бас директоры - Нығметов Еркін Талғатұлын таныстырғанын хабарлаймыз.
Бүгін, 16 ақпанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Қойшыбаев Ерлан Хамардинұлы ұжымға «Құрық порты» ЖШС-нің жаңа Бас директоры - Нығметов Еркін Талғатұлын таныстырғанын хабарлаймыз.
Нығметов Еркін Талғатұлы теңіз саласында мол тәжірибеге ие және нарықтың ерекшеліктерін терең түсінеді. Әр жылдары теңіз тасымалы және порт инфрақұрылымы салаларында басшылық лауазымдарын атқарып, өзін тиімді басқарушы ретінде көрсетті. Ұзақ уақыт бойы «Қазмортрансфлот» ҰТКҚК» ЖШС-де табысты қызмет атқарып, компанияның дамуына және стратегиялық жобаларды іске асыруға елеулі үлес қосты.
Жаңа басшыға «Құрық порты» ЖШС-нің одан әрі дамуын қамтамасыз ету, нарықтағы орнын нығайту және бизнес-процестердің тиімділігін арттыру міндеттері қойылды.
Нығметов Еркін Талғатұлына жоспарланған міндеттерді табысты жүзеге асырып, Серіктестіктің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуін тілейміз.