Сапар барысында басшы негізгі өндірістік нысандарын аралап, инфрақұрылымды, технологиялық процестерді және ағымдағы даму жобаларын мұқият зерттеді
«Құрық порты» ЖШС бас директоры Нығметов Еркін Талғатұлы кәсіпорынның өндірістік нысандарын жұмыс сапарымен аралап шықты.
⠀
Сапар барысында басшы негізгі өндірістік нысандарын аралап, инфрақұрылымды, технологиялық процестерді және ағымдағы даму жобаларын мұқият зерттеді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік, операциялық қызметтің тиімділігі және тұтынушыларға қызмет көрсету сапасына ерекше назар аударылды.
⠀
Нығметов Еркін Талғатұлы Серіктестіктің түрлі бөлімшелерінің қызметкерлерімен кездесіп, олардың ұсыныстарын тыңдады, әрі өзекті өндірістік міндеттерді талқылады. Сондай-ақ порт клиенттері – автокөлік жүргізушілерімен жеке сөйлесіп, жұмыстың ұйымдастырылуына қатысты пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады.
⠀
Сапарды қорытындылай отырып, «Құрық порты» ЖШС бас директоры ұжымның үйлесімді және нәтижелі жұмысын атап өтіп, Серіктестіктің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуде командалық жұмыстың маңызын ерекше атап өтті. Алда портты дамыту және оның нарықтағы позициясын нығайту бойынша жүйелі жұмыс күтуде.