Дәл осы адамдар порттың тұрақты әрі қауіпсіз қызметін қамтамасыз етіп, кемелерге тиімді қызмет көрсетуге және айлақтардағы тәртіпті сақтауға жауап береді
«Құрық порты» ЖШС-де жұмысшы мамандықтарының өкілдері басты рөл атқарады. Дәл осы адамдар порттың тұрақты әрі қауіпсіз қызметін қамтамасыз етіп, кемелерге тиімді қызмет көрсетуге және айлақтардағы тәртіпті сақтауға жауап береді.
⠀
Жағалау теңізші мамандығы ерекше маңызға ие. Бұл мамандар кемелердің қауіпсіз арқандап байлануын және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, айлақтардың жағдайын бақылайды және порт инфрақұрылымының үздіксіз жұмыс істеуіне ықпал тигізеді.
⠀
Жағалау теңізшілердің жұмысы ауысымдық, тәулік бойы режімде ұйымдастырылған, сондай-ақ жоғары физикалық жүктемемен байланысты және тәртіпті, төзімділікті әрі командада жұмыс істеу қабілетін талап етеді. Күрделі жағдайларға қарамастан, олар Құрық портының тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, көлік саласының дамуына елеулі үлес қосады.