«Құрық порты» ЖШС басшылығы бас директор Еркін Нығметовтің жетекшілігімен “Баку халықаралық теңіз порты” ЖШҚ, “Әзербайжан Каспий теңіз кеме қатынасы” ЖАҚ және “AZCON” көлік-коммуникациялық холдингі басшылығымен кездесулер өткізіп, сондай-ақ өндірістік және порттық нысандарды аралады
«Құрық порты» ЖШС басшылығы бас директор Еркін Нығметовтің жетекшілігімен “Баку халықаралық теңіз порты” ЖШҚ, “Әзербайжан Каспий теңіз кеме қатынасы” ЖАҚ және “AZCON” көлік-коммуникациялық холдингі басшылығымен кездесулер өткізіп, сондай-ақ өндірістік және порттық нысандарды аралады.
⠀
Келіссөздер барысында тараптар Баку мен Құрық порттары арасындағы паром қатынасын дамыту мәселесін талқылап, оның тұрақты логистикалық тізбектер үшін маңыздылығын атап өтті. Қазіргі таңда Құрық портынан жөнелтілетін жүктердің 90%-ға жуығы Бакуға бағытталып, одан әрі халықаралық нарықтарға шығарылады, сондықтан әзербайжандық тараппен үйлесімді жұмыс пен серіктестікті нығайту ерекше маңызға ие.