Бүгін «Құрық порты» ЖШС кеңсесінде бас директор Еркін Нығметов 2026 жылдың 15 наурызына жоспарланған республикалық референдум бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ұжыммен жиналыс өткізді.
Бүгін «Құрық порты» ЖШС кеңсесінде бас директор Еркін Нығметов 2026 жылдың 15 наурызына жоспарланған республикалық референдум бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ұжыммен жиналыс өткізді.
⠀
Кездесу аясында қызметкерлерге алдағы дауыс берудің мақсаттары мен мағынасы туралы ақпарат беріліп, сондай-ақ Конституцияға ұсынылып отырған өзгерістер жан-жақты қарастырылды. Парламентті бір палаталы өкілдік орган - «Құрылтай» етіп қайта құру бастамасына ерекше назар аударылды.
⠀
Талқылау барысында қатысушылар пікір алмасып, қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсынылып отырған конституциялық реформалардың негізгі баптары бойынша түсініктеме алды. Азаматтардың хабардар болуы мен елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуының маңыздылығы атап өтілді.