«Құрық порты» ЖШС өкілдері Шанхай портына келді

Бас директор Еркін Нығметов бастаған «Құрық порты» ЖШС өкілдері порттық инфрақұрылым және цифрлық трансформация саласындағы озық тәжірибені зерделеу мақсатында Шанхай портына келді.

28 наурыз, 2026

Бас директор Еркін Нығметов бастаған «Құрық порты» ЖШС өкілдері порттық инфрақұрылым және цифрлық трансформация саласындағы озық тәжірибені зерделеу мақсатында Шанхай портына келді.

Сапар барысында порттық процестерді басқарудың негізгі элементі ретінде терминалдық операциялық жүйелерге (TOS), сондай-ақ логистика мен навигациядағы заманауи цифрлық шешімдерге ерекше назар аударылды. Көлік-логистикалық маршруттарды цифрландыру және жеткізу тізбектерін басқару бойынша үздік тәжірибелер қарастырылды.

Сапар Құрық портының цифрландыру мен порттық операциялар саласында халықаралық стандарттар мен озық шешімдерді енгізуге деген ұмтылысын көрсетеді.

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide