«Құрық порты» ЖШС бас директоры Еркін Нығметов Ақтау қаласындағы Түркия Республикасы Бас консулдығының басшысы Сабри Альптекинді қабылдады.
«Құрық порты» ЖШС бас директоры Еркін Нығметов Ақтау қаласындағы Түркия Республикасы Бас консулдығының басшысы Сабри Альптекинді қабылдады.
⠀
Кездесу барысында тараптар іске асырылып жатқан және перспективалы жобалар бойынша ақпарат алмасып, өзара ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, әрі бірлескен жұмыс пен өзара қолдауға дайын екендіктерін білдірді.
⠀
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестік қатынастарды нығайтуға және ұзақ мерзімді, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендіктерін растады.