«Құрық порты» ЖШС өндірістік қауіпсіздік пен экология қызметі серіктестік қызметкерлері мен мердігер ұйымдардың жұмысшылары үшін бастапқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану бойынша практикалық оқыту өткізді.
Жаттығу барысында қатысушылар өрт сөндіргіштерді қолдана отырып, өртті сөндіру дағдыларын жаттықтырып қана қоймай, өртке қарсы әрекет ету тәртібін, қауіпсіз эвакуациялау және бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл ережелерін бекітті.
Қауіпсіздік біз үшін басты орында.