«Құрық порты» ЖШС өкілдері - бас директор Еркін Нығметов және маркетинг және логистика жөніндегі атқарушы директор м.а. Дамир Шушаков - Ыстанбұл қаласындағы Пендик ауданында (Түркия) орналасқан DFDS компаниясының po-po терминалына сапармен келді.
«Құрық порты» ЖШС өкілдері - бас директор Еркін Нығметов және маркетинг және логистика жөніндегі атқарушы директор м.а. Дамир Шушаков - Ыстанбұл қаласындағы Пендик ауданында (Түркия) орналасқан DFDS компаниясының po-po терминалына сапармен келді. Сапар барысында делегация терминалдың инфрақұрылымымен, операциялық процестердің ұйымдастырылуымен танысып, сондай-ақ халықаралық тасымалдарды Құрық порты арқылы дамыту мәселелері бойынша компания басшылығы және өкілдерімен кездесулер өткізді.
⠀
Сапар Құрық портында үздік тәжірибелерді енгізу, логистикалық процестердің тиімділігін арттыру және көлік мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында еуропалық pо-po терминалдары мен паром желілерінің тәжірибесін зерттеуге бағытталды.