Бүгін, 24-ші сәуір күні Астана қаласында «Транскаспий халықаралық көлік бағыты» (ТХКБ) халықаралық қауымдастығының басқарма отырысы және жалпы жиналысы өтті.
Бүгін, 24-ші сәуір күні Астана қаласында «Транскаспий халықаралық көлік бағыты» (ТХКБ) халықаралық қауымдастығының басқарма отырысы және жалпы жиналысы өтті.
⠀
Отырысқа Қазақстан, Қытай, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Украина, Болгария, Румыния, Сингапур және басқа да елдердің өкілдері қатысты. «Құрық порты» ЖШС атынан бас директор Еркін Нығметов және маркетинг және логистика жөніндегі атқарушы директор м.а. Дамир Шушаков қатысты.
⠀
Кездесулер қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Бекітілген жоспардың негізгі бағыты ретінде тасымалдарды цифрландыру анықталды. Бұл жүк тасымалының уақытын қысқартуға және бүкіл маршрут бойынша операциялардың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.