Cеріктестік ұжымымен жиналыс өтті

Бүгін, 28 сәуір күні «Құрық порты» ЖШС кеңсесінде бас директор Еркін Нығметовтың төрағалығымен серіктестік ұжымымен жиналыс өтті.

28 сәуір, 2026

Бүгін, 28 сәуір күні «Құрық порты» ЖШС кеңсесінде бас директор Еркін Нығметовтың төрағалығымен серіктестік ұжымымен жиналыс өтті. Кездесу барысында басшылар жетекшілік ететін бағыттар бойынша 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы туралы есептерін ұсынды. Баяндамаларда жұмыстың негізгі көрсеткіштері, қол жеткізілген нәтижелер және алдағы уақытқа қойылған өзекті міндеттер көрсетілді.

Жиналыс барысында серіктестік қызметкерлерімен кадрлық және өндірістік қызметке қатысты мәселелер де талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріліп, алдағы жұмыстың басым бағыттары айқындалып, тапсырмаларды орындау мерзімдері белгіленді.

slide
slide
slide
slide
slide