«Құрық порты» ЖШС бас директоры Еркін Нығметов Теңіз академиясының жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысты.
«Құрық порты» ЖШС бас директоры Еркін Нығметов Теңіз академиясының жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысты. Іс-шара аясында қонақтар заманауи технологиялармен жабдықталған оқу-жаттығу кешендерімен танысты, олар теңіздегі шынайы жұмыс жағдайларын модельдеуге мүмкіндік береді.
⠀
Жаңа ғимараттың ашылуы теңіз білім беру жүйесін дамыту және заманауи теңіз индустриясы жағдайында тиімді жұмыс істей алатын мамандарды даярлау жолындағы маңызды қадам болды. Еркін Нығметов мұндай бастамалардың кадрлық әлеуетті нығайту және отандық көлік-логистика саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы маңызын атап өтті.