«Құрық порты» ЖШС бас директоры Bethany Aquilina Brez бастаған АҚШ-тың Халықаралық даму қаржы корпорациясымен (U.S. International Development Finance Corporation) кездесу өткізді.
«Құрық порты» ЖШС бас директоры Bethany Aquilina Brez бастаған АҚШ-тың Халықаралық даму қаржы корпорациясымен (U.S. International Development Finance Corporation) кездесу өткізді.
⠀
Кездесу барысында Құрық портының инфрақұрылымдық және логистикалық жобалары, соның ішінде Орта дәлізді дамыту және Қазақстан мен Әзербайжан арасында жаңа транс-каспийлік паром жүйесін құру бастамасы таныстырылды. Тараптар тұрақты көлік бағыттарын дамыту, порт инфрақұрылымын жаңғырту және Орталық Азия, Кавказ және Еуропа арасындағы өңірлік байланыстарды нығайту перспективаларын талқылады.
⠀
Құрық порты Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігіне кездесуді ұйымдастырғаны үшін және көлік және логистика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты қолдағаны үшін алғыс білдіреді.