Ағымдағы жылдың 14–15 мамыр аралығында «Құрық порты» ЖШС маркетинг және логистика жөніндегі атқарушы директор м.а. Дамир Шушаков Батуми қ. (Грузия) өткен «Argus Black Sea and Caspian Key Terminals and Logistics» халықаралық конференциясының жұмысына қатысты.

⠀
Конференция барысында қатысушылар Қытайдан Еуропаға бағытталған контейнерлік тасымалдардың дамып келе жатқан нарығындағы жағдайды қарастырып, Каспий және Қара теңіздер дәлізіндегі теміржол және порт инфрақұрылымын дамыту болжамдарын талқылады.
⠀
Форумның панельдік сессияларының бірінде Дамир Шушаков Құрық портының даму перспективалары туралы баяндама жасады.
⠀
Сондай-ақ іс-шара аясында Құрық портына жүк тарту мәселелері бойынша көлік компаниялары мен жүк жөнелтуші компаниялардың өкілдерімен жұмыс кездесулері өткізілді.