Еуропалық комиссияның халықаралық әріптестік жөніндегі бас директораты бөлімінің басшысы Серхио Ольете Хосе бастаған Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің делегациясы «Құрық порты» ЖШС-не келді.

⠀
Сапар барысында делегация өкілдері Құрық портының қызметімен танысып, сондай-ақ теміржол және теңіз тасымалдары бағыттарын да қамтитын көлік саласындағы Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы бойынша пікір алмасты.
⠀
Сонымен қатар, «Reformatics Capital Ltd.» компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Оның аясында Маңғыстау өңірінің негізгі салалары мен инфрақұрылымдық әлеуетін (көлік-логистика бағытын қоса алғанда) талдауға бағытталған зерттеуді дайындау мақсатында Құрық портының қызметі туралы ақпарат ұсынылды.