«Құрық порты» ЖШС өкілдері: маркетинг және логистика жөніндегі атқарушы директоры - Медина Тұрлан және тасымалдауды ұйымдастыру және жүкті жөнелту секторының басшысы - Дамир Шушаков 2026 жылдың 4–5 маусымда Санкт-Петербург қаласында өткен XXIX Петербург халықаралық экономикалық форумының жұмысына қатысты.

⠀
Форум аясында «Құрық порты» ЖШС маркетинг және логистика жөніндегі атқарушы директоры Медина Тұрлан мен Махачкала портының бас директоры Джамал Алиев Құрық және Махачкала порттары арасында автопаром тасымалдарын ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
⠀
Қол қойылған келісімнің негізгі мақсаты - Құрық порты (Қазақстан Республикасы) мен Махачкала порты (Ресей Федерациясы) арқылы өтетін бағыттағы жүк ағынын ұлғайту. Қол жеткізілген келісімдерді іске асыру екі порттың және көлік нарығы қатысушыларының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашатын тиімді логистикалық шешімдерді қалыптастыруға ықпал етеді.