Иран Ислам Республикасының делегациясы Ақтау қ. Бас консулы Жафар Замани жетекшілігімен «Құрық порты» ЖШС-не келді.
Иран Ислам Республикасының делегациясы Ақтау қ. Бас консулы Жафар Замани жетекшілігімен «Құрық порты» ЖШС-не келді.
⠀
Сапар барысында ирандық тарап өкілдері порттың қызметімен, оның инфрақұрылымдық мүмкіндіктерімен және Каспий теңізіндегі жүк тасымалы саласындағы әлеуетімен танысты. Кездесу Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы екіжақты сауда-экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ тараптар арасындағы жұмыс байланыстарын нығайту аясында өтті.