Сауда және тасымалдау рәсімдерін оңайлату саласындағы әлеуетті арттыру бойынша 15-ші халықаралық семинарі

11-12 маусымда Ақтауда Сауда және тасымалдау рәсімдерін оңайлату саласындағы әлеуетті арттыру бойынша 15-ші халықаралық семинар өтті.

13 маусым, 2024

11-12 маусымда Ақтауда Сауда және тасымалдау рәсімдерін оңайлату саласындағы әлеуетті арттыру бойынша 15-ші халықаралық семинар өтті.

Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық Экономикалық Комиссиясы (БҰҰ ЕЭК), Қазақстанның Сауда және Инвестициялар министрлігі, «Транскаспий халықаралық көлік бағыты» халықаралық ассоциациясы (ТХКБ) және басқа серіктестермен, соның ішінде Неміс Халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) Еуропа-Кавказ – Орталық Азия көлік дәлізі Үкіметаралық комиссияның тұрақты хатшылығы (ТРАСЕКА ҮАК) және «Укрвнештранс» қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Семинардың мақсатты аудиториясына цифрландыру, сауданы реттеу, көлік және транзит рәсімдерімен айналысатын тиісті ұлттық департаменттердің техникалық дағдылары бар саясаткерлері мен сарапшылары, сондай-ақ бизнес-қауымдастық өкілдері (трейдерлер, тасымалдаушылар, экспедиторлар, IT әзірлеушілер және т.б.) кіреді. Бұл дәліз бойындағы деректер мен құжаттар алмасуды үйлестіру және цифрландыру бойынша инновациялық тәсілдерді енгізу үшін мақсатты елдерде дағдыларды қалыптастыруға бағытталған әлеуетті арттыру шарасы. Ол БҰҰ СЕФАКТ стандарттарына және көмекші құралдарына сәйкес электрондық ақпарат алмасуды жүзеге асыру үшін білім мен технологиялармен бөлісуді қамтиды.

Семинар соңында қатысушылар Құрық портына оқу сапарымен барды, онда Бас директор Ахметов Серік паром кешенінің инфрақұрылымымен, оның өндірістік көрсеткіштерімен, сондай-ақ дамудың перспективалық бағыттарымен таныстырды.

slide
slide
slide