Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин ТХКБ бойынша жүк көліктері мен теміржол контейнерлерін жөнелту рәсіміне қатысты

Бүгін, 3 шілдеде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк көліктері мен теміржол контейнерлерін жөнелту рәсіміне қатысты.

03 шілде, 2024

Жүктері бар қазақстандық және қытайлық жүк көліктері 2024 жылғы 26 маусымда Қорғастан (ҚХР) шығып, 8 облысты аралап, 29 маусымда Құрық портына келді.

«Қытайдан жүк таситын автокеруен мен контейнерлік пойыз Ақтау және Құрық порттарына келіп, одан кейін Әзірбайжан, Грузия, Түркия және Еуропа елдеріне жол тартады. Бұл Ұлы Жібек жолының қайта жаңғыруы. Керуен жолға шығуға дайын», - деп хабарлады бейнебайланыс арқылы Алтай Әли, ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы.

slide
slide
slide
slide
slide
slide