«Құрық порты» ЖШС-де Серіктестік басшылығы мен ұжымының Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарымен кездесуі өтті. Кездесу Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының ережелерін түсіндіруге және алдағы республикалық референдумның маңызын талқылауға арналды
«Құрық порты» ЖШС-де Серіктестік басшылығы мен ұжымының Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарымен кездесуі өтті. Кездесу Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының ережелерін түсіндіруге және алдағы республикалық референдумның маңызын талқылауға арналды.
⠀
Талқылауға Маңғыстау облысы “Аманат” партия филиалының төрағасының орынбасары Шамшадинова Анар, Қарақия ауданының Қоғамдық кеңес төрағасы Бекниязов Ержан, Қарақия ауданы ‘Аманат” партиясының филиалының атқарушы хатшысы Көшенов Қыйлымғали, өңірлік коалицияның өкілдері Нури Тумышев пен Киікбай Жаулин, сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Жанғабыл Қалабай қатысты.
⠀
Кездесу барысында демократиялық институттарды одан әрі дамытуға, әділеттілік қағидаттарын нығайтуға және азаматтық қатысудың рөлін арттыруға бағытталған негізгі түзетулер жан-жақты түсіндірілді. Алдағы референдум елді саяси модернизациялаудың маңызды кезеңі екені атап өтілді.