«Құрық порты» ЖШС бас директоры Еркін Нығметов Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің өкілдерімен бірлесе отырып, «АҚШ – Еуразия» көлік форумына қатысты
«Құрық порты» ЖШС бас директоры Еркін Нығметов Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің өкілдерімен бірлесе отырып, «АҚШ – Еуразия» көлік форумына қатысты. Бұл іс-шара АҚШ пен Еуразия арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мақсатында порт басшыларын, логистика және жеткізу тізбегі саласының мамандарын, бизнес және дипломатиялық корпус өкілдерін біріктірді.
⠀
«Құрық порты» ЖШС бас директоры Е. Нығметов «ТХКБ бағыты аясындағы порттың стратегиялық рөлі туралы» баяндамамен сөз сөйледі.
Жұмыс сапары аясында біріккен делегация өкілдері Солтүстік Американың ең заманауи контейнерлік терминалдарының бірі - Лонг-Бич қ. «Long Beach Container Terminal» («LBCT») терминалына барды.
⠀
Делегация «LBCT» терминалының операциялық даму жөніндегі бас менеджері Джош Джонсонмен кездесті. Джонсон мырза терминал нысандары бойынша таныстыру турын өткізіп, қонақтарға контейнерлік терминалдың заманауи инфрақұрылымын көрсетті. Атап айтқанда, жүкті тиеу-түсіру жұмыстарының автоматтандырылған жүйелері, жүк ағындарын басқаруға арналған цифрлық шешімдер, сондай-ақ порт операцияларының көміртегі ізін азайтуға бағытталған экологиялық бастамалары көрсетілді.
⠀
Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту болашағын, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Форум қатысушылар арасында жоғары қызығушылық тудырып, америкалық және еуразиялық серіктестердің арасындағы диалогтың одан әрі дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.
⠀
«Құрық порты» ЖШС Қазақстан Республикасының Сан-Францискодағы Бас консулдығына @kazconsulate_in_sf іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін және халықаралық көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамытуға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.