Бүгін Құрық портында «Әзірбайжан-Қазақстан теңіз кабель жүйесі» (Azerbaijan-Kazakhstan Sea Cable System) стратегиялық жобасы аясында суасты талшықты-оптикалық кабель партиясын қабылдау операциясы сәтті жүзеге асырылды.

⠀
Ірі көлемді және ауыр салмақты жүк үш мамандандырылған көлік құралынан тұратын автоколоннамен жеткізілді. Портта Транскаспийлік цифрлық инфрақұрылымды салу үшін Әзірбайжан Республикасына жөнелтілетін жабдықты қабылдау және өңдеу жұмыстары жүргізілді.
⠀
Жобаны іске асыру халықаралық телекоммуникациялық дәліздерді дамытуға, Азия мен Еуропа арасындағы цифрлық байланысты нығайтуға, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі деректерді тарату арналарының сенімділігі мен өткізу қабілетін арттыруға бағытталған.
⠀
Құрық порты Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға және Қазақстанның Шығыс пен Батысты байланыстыратын негізгі транзиттік торап ретіндегі орнын нығайтуға үлес қоса отырып, ірі халықаралық инфрақұрылымдық жобаларды көлік-логистикалық жағынан қолдауда маңызды рөл атқаруды жалғастырып отыр.