Марапат мерейді өсіреді!

21 February, 2020

Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Бектенов Олжас Абайұлы, өңірдің бір қатар азаматтарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуына және қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын нығайтуға қосқан қомақты үлесі үшін, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Шпекбаев Алик Жатқамбайұлының ГРАМОТАсын табыстады.

Марапат алғандар қатарында, ЖШС «Құрық Порт» мекемесінің қоғаммен байланыс менеджері, Қанат Айтбайда бар.
Ұжым атынан Қанат Сәлімгерейұлы, шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз!

Фотогалерея

slide
slide