28 сәуір — Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

28 April, 2022

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында «Құрық порты» ЖШС кәсіподақ ұйымының төрағасы Исатаев Мұрат паром кешенінің қызметкерлері арасында семинар өткізді.

Семинар тақырыбы – күш-жігерді жұмылдыра отырып, еңбекті қорғаудың оң мәдениетін қалыптастыру.

Өз кезегінде кәсіподақ төрағасы порт қызметкерлеріне дүние жүзінде өндірістегі жазатайым оқиғалар мен аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі күні жыл сайын 28 сәуірде атап өтіледі. Оның негізгі мақсаты – еңбекті қорғаудың оң мәдениетін қалыптастыру үшін әлеуметтік диалогтың маңыздылығы және барлық мүдделі тараптарды тарту болып табылады.

Фотогалерея

slide