Халықаралық сауда орталығы делегациясы Құрық портына келді

01 April, 2022

Құрық порты паромды кешеніне Халықаралық сауда орталығы делегациясыжұмыс сапарымен келді.

Сапардың мақсаты – Құрық портының қызметімен танысу, теңіз порттарында және іргелес аумақтардағы тиісті кеден бекеттерінде, фитосанитарлық және ветеринариялық бақылау пункттерінде сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру рәсімдерін құжаттандыру бойынша кездесулер өткізу.

Кездесу барысында порт өкілдері делегацияны инфрақұрылым және өндірістік нысандармен, сондай-ақ өткен жылдағы және ағымдағы жылдың 2 айындағы паромды кешен жұмысының қорытындысымен таныстырды.

Айта кетейік, 2022 жылдың 2 айында Құрық порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеу 152 600 тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (135 000) 12%-ға артық.

Сондай-ақ, Халықаралық сауда орталығы өкілдерінің қатысуымен конференция өтіп, қатысушыларға Құрық порты паром кешенін дамытудың алдағы жоспарлары таныстырылды.

Еске салайық, қазіргі уақытта «Құрық порты» ЖШС жүктерді ауыстырып тиеу көлемін 5 есеге ұлғайтып, жүк көлемін қосымша 4 млн тоннаға дейін жеткізуді қолға алуда.

Бұл үшін паром кешенінде автомобиль, теміржол және көліктерге арналған әмбебап үш айлақ, сондай-ақ барлық кеме түрлерін қабылдауға арналған әмбебап айлақ бар, бұл тәулігіне 5-8 паромға дейін өңдеуге мүмкіндік береді.

Фотогалерея

slide
slide
slide
slide
slide
slide