«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма басшысы Нұрлан Сауранбаев Құрық портына келіп, порттың техникалық мүмкіндіктерімен және қазіргі жұмыстарымен таныс болды. Ағымдағы жылдың 4 айы бойынша Құрық порты арқылы тиелген жүк көлемі шамамен 260 мың тоннаны құрайды.
«Құрық порты» ЖШС бас директоры Серік Ахметов Нұрлан Сауранбаевқа негізгі қуаттылық өндірісін арттыру, дәстүрлі жүк базасын әртараптандыру және порт арқылы өтетін жүктерді тасымалдаудың жаңа бағыттарын ашу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қазақстанның еуразиялық транспорттық қызметтер нарығында транзиттік мемлекет есебіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруда порт дамуының маңыздылығын атап өтті.