Вакцинацияның маңыздылығы туралы жиын өтті

22 April, 2021

Қарақия аудандық ауруханасының қызметкерлері Құрық порты жұмысшыларына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Медицина қызметкерлері жахандық дәрежеде жылдам өршіп кеткен Covid-19 инфекциясын алдын алудың бірден-бір жолы вакцина алу екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, «Спутник V» вакцинасын алу жолдары мен екпе салдырғаннан кейінгі жасалатын шаралар да түсіндіріліп кетті.

Порт қызметкердері тарапынан вакцинаның денсаулыққа кері әсері туралы сұраққа дәрігерлер оның ешқандай да кері әсері болмайтындығын айтты.

Сонымен қатар осы уақытқа дейін екпе салдырған азаматтардың денсаулығына залалын тигізген факторлар тіркелмегендігі туралы да ақпарат берді.

Фотогалерея