Маңғыстау-Медиа журналистерімен кездесу

24 February, 2021

Маңғыстау-медиа орталығында «Құрық порты» ЖШС бас директоры Ахметов Серік Жетпісбайұлының журналистермен кездесуі өтті. Бұл кездесуде тілшілерге паромды кешеннің жұмысымен танысуға және қызықтыратын сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік туды. Іс-шара журналистердің порт қызметі туралы білімдерін арттыруға арналған.

«Бүгін Маңғыстау-медиа ұжымымен кездесу өткіздік, себебі барынша компания жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге және баспасөз орталықтарымен байланысты орнатуға тырысамыз. Журналистика төртінші билік болып табылатындықтан біздің онымен кешенді түрде дұрыс жұмыс жасауымыз порт дамуына үлкен фактор болмақ».

Аталған шараның мақсаты Маңғыстау облысындағы теңіз паромды кешендерінен батыс бағытқа жөнелтілетін экспорттық әлеуетті арттырудағы компанияның рөлін талқылау болды.

Саондай-ақ, жиынға Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Исмағұлова Жансая Бердімұратқызы қатысты.

«Бұл кездесу Құрық портының пандемия кезінде қаншалықты тиімді стратегия жасақтағанын көрсетті. Меніңше, порт басшылығының бұқаралық ақпарат көздеріне қатысты саясаты басқа да ірі компаниялар үшін үлгі боларлық іс» - деп, атап өтті. Сонымен қатар Жансая Бердімұратқызы пресс-конференция ұйымдастырушылары мепн Құрық портының бас директорына алғысын білдірді.

Жиын соңында Серік Ахметов кездесуге өз ризашылығын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.


Фотогалерея

slide
slide
slide