Жаңалықтар

Паромға билетті қайдан сатып алуға болады?

«Ferry Management» ЖШС паромдарға билет сату агенті болып табылады. Ақтау қ., 5 ш/а, 29 үй, №1 кеңсе Телефон: +7(771) 444 35 11 +7(7292) 50 03 46 E-mail: ticket@ferry.kz ...

10 сәуір, 2023

Астық терминалының салыну барысымен танысу өтті

«Құрық порты» ЖШС бас директоры Серік Ахметов Құрық портындағы астық терминалын салу жобасының барысымен танысты. Сондай-ақ «Kaspi Grain Way» ЖШС директоры Нұрлан Жүнісовпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар паромдық кешеннің перспективалық дамуы бойынша жұмыстың негізгі аспектілерін және жобаны іске асыру кезеңдерін талқылады. Еске салайық, бір мезгілде 25 000 тонна дәнді дақылдарды сақтайтын астық терминалының қуаттылығы жылына 1 млн тоннаны құрайды. ...

04 наурыз, 2023

Құрық порты маңында жол-көлік оқиғасы орын алды

Оқиға 25 ақпан күні сағат 22:40-та орын алды. Құрық порты аумағы маңында мас күйде жүк көлігін тізгіндеген Грузия елінің азаматы Toyota Prada автокөлігіне соқтығысқан. Жүк көлігінің жүргізушісі порт аумағының сыртындағы автокөлік тұрағында ішімдік ішкен. Мас күйде порт аумағына қарай бет алған ол тізгінге ие бола алмай жолда тұрған автокөлікке соқтығысып, порт аумағының жабық қақпасын қағып кіріп кеткен. Ішке кірген көлікті дереу шекара қызметкерлері мен Құрық портының қауіпсіздік қызметі т...

27 ақпан, 2023

Жолаушылрадың жеке қауіпсіздігі мен мүліктің сақталуын арттыру

Бүгін, 22 ақпанда Көліктегі полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бақытжан Малыбаевтың төрағалығымен Маңғыстау теміржол мен әуе көлігі мекемесінің, Маңғыстау көлік прокуратурасының қызметкерлерімен, сондай-ақ, Ақтау жане Құрық теңіз порттарының басшыларымен кездесу өтті. Күн тәртібінде «ҚР теміржолында қауіпсіздік деңгейін және мүліктің сақталуын арттыру бойынша 2022-2024 жылдарға арналған Жол картасының» іске асырылу барысы қаралды.  Сондай-ақ, кездесу барысында жолаушылар пойы...

22 ақпан, 2023

Құрық порты бауырлас Түркия Республикасына көмек көрсетеді

«Құрық порты» ЖШС Түркия Республикасының 10 аймағын қамтып, адам шығынына әкелген жер сілкінісінен болған табиғи апат салдарынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуге септесу туралы шешім қабылдады. Порт басшылығының шешімімен Қазақстан – Әзірбайжан – Грузия республикаларының аумағы арқылы транзитпен өтетін Өзбекстан Республикасынан шыққан гуманитарлық жүк тасымалдаушы көліктер Құрық портында баждар мен алымдардан босатылды. Сондай-ақ Құрық порты Түркия тарапына тиісті құж...

17 ақпан, 2023

Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалдау көлемі 2,5 есе өсті

2023 жылғы 8 ақпанда Алматы қаласында «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» (ТХКБ) Халықаралық қауымдастығы Жалпы жиналысының отырысы болып өтті. Маршрут қатысушылары Қауымдастықтың 2022 жылғы қызметін қорытындылады. ТХКБ бойынша тасымалдаудың оң қарқыны және оның қазіргі геосаяси жағдайдағы рөлінің артқаны атап өтілді. 2022 жылы жүк тасымалдау көлемі 2,5 есеге өсіп, 1,5 млн тоннаға жетті. Бұл ретте қазақстандық жүктер экспорты 2021 жылмен салыстырғанда 6,5 есеге ұлғайып, 8...

08 ақпан, 2023

Транскаспийлік өзара байланыс жөніндегі министрлік кездесу

Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркия Каспий теңізі арқылы өтетін көлік бағыттарын дамыту мәселелерін талқылады ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Транскаспий өзара байланысы жөніндегі министрлік кездесуге қатысты. Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркия сыртқы саяси ведомстволарының басшылары мен көлік саласындағы министрлері жұмыс істеу жағдайларын жаңғырту арқылы халы...

28 қараша, 2022

Халықаралық делегация Құрық портының жұмысымен танысты

Канада, Еуропа және ЕО Премьер-министрінің арнайы өкілі Стефан Дион бастаған делегация Құрық порты паром кешеніне ресми сапармен келді. Сапардың мақсаты – порттың инфрақұрылымы мен қызметімен танысу және ынтымақтастықты талқылау. Кездесу барысында делегация паром кешенінің бірқатар нысандарын аралап, порт жұмысын жоғары бағалады. «Құрық порты» ЖШС бас директоры Серік Ахметов қонақтарды компанияның жұмыс көрсеткіштері мен логистикалық бағыттарды одан әрі дамыту жоспарларымен таныстырды. ...

25 қараша, 2022

Маңғыстау облысы ірі көліктік-логистикалық орталыққа айналады

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев: «Облысымыз үшін өте маңызды шешім қабылданды. Бұл – арнаулы экономикалық аймақтың құрамына Ақтау және Құрық порттарын қосу жөнінде. АЭА аумағы 250 га дейін ұлғайды. Яғни еліміздің көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатындағы мүмкіншілігін толығымен қолдану жөніндегі Президенттің берген тапсырмасын орындау бағытында атқарылып жатқан іс. Үкімет қолдады, бірнеше жыл бойына осы мәселе көтеріліп келеді. Бүгін біздің айтқанымыз ескеріліп, министрліктермен қ...

18 қараша, 2022

«Құрық порты» ЖШС басшылығы өндірістік қызметкерлермен кездесу өткізді

«Құрық порты» ЖШС басшылығы өндірістік қызметкерлермен кездесу өткізді. Отырыста ағымдағы мәселелер талқыланып, еңбек жағдайын одан әрі жақсарту және еңбек өнімділігін арттыру бойынша іс-шаралар белгіленді. Сондай-ақ «Құрық порты» ЖШС барлық жұмысшыларының азаматтық позициясын танытуына мүмкіндік беру үшін алдағы сайлау мәселесі мен сайлау күні жұмыс барысын ұйымдастыру жайы да сөз болды. Фотогалерея ...

12 қараша, 2022

Құрық портында оқушылар танымдық экскурсия өткізді

Құрық портына «Кәсіптік бағдар» жобасы аясында «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ оқушылары келіп, порттың қызметімен танысты. Бұл шара жасөспірімдердің болашақта таңдайтын мамандығына, кәсібіне бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды. «Құрық порты» ЖШС қызметкерлері оқушыларға порт аумағында экскурсия жасады. Паромды кешенде жастар сақтық ережелерін үйретіп, теңіз айлағы аймағын аралап, теңізшілердің жұмысымен танысты.Танымдық экскурсия қатысушылары өз кезегінде порт қызметкерл...

04 қараша, 2022

Қоғамдық тәртіпті сақтау – ортақ міндет

Құрық теңіз портына қызмет көрсету полициясы желілік бөлімінің бастығы полиция майоры Ержан Қалдыбаев қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде жан-жақты көмек көрсетіп жүрген полицияның қоғамдық көмекшілеріне куәлік табыстады. Құрық теңіз портына қызмет көрсету бойынша полицияның желілік бөлімі ұсақ құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, қоғамда құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Қоғамдық тәртіпті қорғауға құқық қорғау органдарыны...

03 қараша, 2022