«Құрық порты» ЖШС бауырлас Әзірбайжан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтайды! Еліңізге береке мен амандық тілейміз! Аспаныңыз әрқашан ашық болып, алда тек жаңа жетістіктер күтіп тұрсын! ...
28 мамыр, 2024
22-24 мамыр аралығында «Құрық порты» ЖШС маркетинг секторының меңгерушісі Нұрмағамбетов Айтқали Қытайдағы ең ірі көлік-логистикалық көрмелердің бірі – 6-шы Батыс Қытай халықаралық жеткізу тізбегі мен ақылды логистика көрмесіне қатысты. Көрме аясында қатысушылар Индустриалды-логистикалық парктердің ынтымақтастығы бойынша II Азия-Еуропа халықаралық форумына, Қытай мен Орталық және Батыс Азия арасындағы көлік және логистика жөніндегі III конференциясына, «Тиімді логистика және үздіксіз транзит» ...
27 мамыр, 2024
Бүгін, 23 мамырда «Құрық порты» ЖШС Бас директоры Серік Ахметов Иран Ислам Республикасының Бас консулдығында болып, Бас консул Г. Хашеми мырзаға және барша Иран халқына Иран президенті мен ИИР Үкіметтік делегациясы мүшелерінің қайғылы қазасына байланысты көңіл айтты. ...
23 мамыр, 2024
22 мамырда Құрық портында Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесе отырып, холерамен күресу бойынша оқу-жаттығу шаралары өткізілді. Жаттығу аясында біз осы қауіпті ауруға күдікті науқасты анықтау кезінде іс-қимыл алгоритмімен жұмыс жасадық. Біздің мамандар барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, дайындық пен жеделдіктің жоғары деңгейін көрсетті. Мұндай жаттығулар бізге бір қадам алда болуға және порттағы барлық адамдардың денсаулығын қорғауға көмект...
23 мамыр, 2024
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2024–2028 жылдарға арналған теңіз инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспарын бекітті. Бұл жоспар Ақтау және Құрық порттары негізінде ірі теңіз көлік-логистикалық кластерін құруды көздейді. Осы жылы Құрық портының акваториясын тереңдету жұмыстары басталады. 2028 жылға қарай порттың өткізу қабілетін 50%-ға арттыру жоспарлануда. Контейнердің өткізу қабілеті де 3 есеге артады. ...
23 мамыр, 2024
22 мамырда Ақтау қаласында ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің ұйымдастыруымен Қытай Халық Республикасы және Автомобиль көлігі бойынша аралас комиссияның отырысы өтті. Жоғарыда аталған шара барысында делегация Құрық портында болып, оның жұмысымен танысты. Сонымен қатар, шара аясында ағымдағы жылдың 23-25 мамырында Құрық порты – Баку порты бағыты бойынша сынақ паромдық тасымалдауды жүзеге асыру жоспарлануда. Сынақ жол пойызының құрамына Қытайдан транзитп...
23 мамыр, 2024
21 мамыр күні түстен кейін «Құрық порты» ЖШС-не Басқарма төрағасы Ыдырысов Сағат бастаған «Ақ бидай - Терминалы» АҚ өкілдері келді. Сапар барысында «Құрық порты» ЖШС Бас директоры Ахметов Серік делегацияны порт инфрақұрылымының нысандарымен таныстырды. Порт басшылығы Құрық портының көлік мүмкіндіктерінің презентациясын ұсынды, сондай-ақ алдағы бірлескен ынтымақтастықтың әлеуетті мүмкіндіктерін кеңейту бойынша бірлескен ұсыныстарды қарастырды. ...
22 мамыр, 2024
Бүгін, 21 мамырда Бас директор Мәулешев Арман бастаған «ҚазАзот» АҚ өкілдері Құрық портында жұмыс кездесуін өткізді. Сапар барысында «Құрық порты» ЖШС Бас директоры Ахметов Серік делегацияны порттың өндірістік нысандарымен және инфрақұрылымымен таныстырды. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты дамыту болашағын және «ҚазАзот» АҚ өндіретін өнімді Құрық порты арқылы қайта тиеу көлемін ұлғайту мүмкіндіктерін талқылады. ...
21 мамыр, 2024
«Құрық порты» ЖШС-де 2024-2026 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шарт күшіне енді. ...
21 мамыр, 2024
ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев бастаған қазақстандық делегация құрамында «Құрық порты» ЖШС өкілдері Балтық жағалауы елдеріне барды. Жұмыс сапары аясында Латвияның Көлік министрі Каспарс Бришкенспен, Эстонияның Қоршаған ортаны қорғау министрі Кристен Михалмен кездесу, сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылыммен танысу – халықаралық маңызы бар Мууга ірі теңіз сауда портына, Рига еркін портына, салынып жатқан Rail Baltica темір жолына және BLRT компаниясының кеме жасау кеңсесіне барып қайту о...
20 мамыр, 2024
16 мамырда Құрық портына ҚР Көлік министрлігі Темір жол көлігі комитеті төрағасының орынбасары Тілепов Қасым Нағашыбайұлы бастаған ҚР Көлік министрлігінің делегациясы келді. Сапар барысында министрлік өкілдері Құрық портының инфрақұрылымы және қызметімен танысты. «Құрық Порты» ЖШС директорының пайдалану жөніндегі орынбасары Талғат Сапарбекұлы Оспанов қонақтарды компанияның өндірістік көрсеткіштерімен және логистикалық бағыттарды дамытудың алдағы жоспарларымен таныстырды. ...
17 мамыр, 2024
Жексенбі күні, 12 мамырда Кишиневте (Молдова) «Socca EuroCup-2024» халықаралық турнирінің финалы өтті. Қазақстан мен Хорватия құрамалары арасындағы кездесу 3:0 есебімен біздің команданың жеңісімен аяқталды! Қазақстан құрамасында «Порт Құрық» ЖШС өкілі Абай Елемесов ойнап, матч басында есеп ашып, Хорватия құрамасын жеңуге өз үлесін қосты! «Порт Құрық» ЖШС Қазақстан құрамасын және Абай Елемесовті лайықты жеңісімен құттықтайды! ...
13 мамыр, 2024