Жаңалықтар

Ұстаздар күні құтты болсын!

Жыл сайын елімізде қазан айының алғашқы жексенбісі — Ұстаздар күні атап өтіледі.⠀“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға”,- деп Һәкім Абай айтпақшы, шәкірттеріңізге ұстаздық етуден шаршамаңыздар. Ел ертеңі — жастар десек, білім нәрімен сусындатар ол — сіздер! Сондықтан, шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін!Айтулы мерекелеріңіз құтты болсын!Құрық Порты Фотогалерея ...

04 қазан, 2020

Қарттар күні құтты болсын!

ЖАСЫ ҮЛКЕН АДАМДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ 1. Қандайда бір іс-әрекетіңізбен не сөзіңізбен олардың көңіліне қаяу түсірмеуге тырысыңыз. 2. Олар сөйлеп жатқанда сөздерін бөлмеңіз және дауысыңызды олардың даусынан бәсең ұстаңыз. 3. Дастархан басында олардан жоғары отырмаңыз және олардан бұрын тамаққа қол созбауды әдетке айналдырыңыз. 4. Үлкендердің алдын кеспеу де оларға жасалған құрметтің белгісі. 5. Тамақтың дәмдісін алдымен соларға беріңіз. 6. Шаруаңыз көп,...

01 қазан, 2020

Бүгін Қазақстанда еңбек күні!

Елдің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп жүрген барша отандасымызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық толымды табыс пен қажымас қайрат, істің сәттілігін тілейміз⠀Құрық Порты Фотогалерея ...

27 қыркүйек, 2020

КӨЛІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІ

Бүгін көлік қызметкерлерінің төл мерекесі! Елмен елді жалғастырып, алысты жақын етіп, берекелі бірлікке ұластырып отырған көлік саласының маңызы зор. Құрық порты атаулы мерекемен барша әріптесті құттықтайды. Денге саулық, отбасыға амандық тілейміз! Құрық Порты⚓ Фотогалерея ...

03 тамыз, 2020

ҚҰРБАН АЙТ ҚАБЫЛ БОЛСЫН!

Мұсылман жұрты үшін қасиетті боп саналатын құрбан айт мейрамы құтты болсын қазақ елі! Алла шалған құрбандықтарыңызды қабыл етіп, отбасыңызға бақ-береке, шаңырағыңызға шаттық берсінФотогалерея ...

31 шілде, 2020

АЗА ТҰТУ КҮНІ

Індеттен қаза тапқан барлық жанның жақын жуықтарына, тума туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.Фотогалерея ...

13 шілде, 2020

1 маусым балаларды қорғау күні.

Құрық порты 1 маусым балаларды қорғау күнімен құттықтайды! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз. Балапан, ботақандарыңыз аман болсын!Фотогалерея ...

01 маусым, 2020

Қасиетті Рамазан айы мүбәрак болсын!

Құрметті қазақ елі!Айлардың сұлтаны болған — Рамазандағы ниет етіп ұстаған оразаларыңызды Алла қабыл етсін! Дұға-тілектеріңіз орындалсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Атаулы індеттен есен шығып, бейбіт күннің астында шалқып-тасып өмір сүрейік!Фотогалерея ...

24 сәуір, 2020

ҚҰРЫҚ ПОРТЫНДА КОРОНАВИРУСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ЕНГІЗІЛДІ?

«Құрық порты» ЖШС негізгі қызмет түрі барлық жүк түрлерін қабылдап,өңдейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін жеке тұлғаларды қабылдап, өткізетін теңіз порты бола отырып, өз қызметінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуге байланысты аталған қызмет түрі үшін арнайы белгіленген нормалар мен ережелерді басшылыққа алады.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес Иран мен Әзірбайжан Республика...

20 сәуір, 2020

Коронавирус: гуманитарлық жүк.

Әлемде коронавирус індетті тарағансәтте әр мемлекет бір бірін қолдау мақсатында гуманитарлық жүктерін жөнелтуде.Осындай жүк тасымалы бүгін «Құрық Порты» Теңіз айлағы арқылы өткізілді.Дәліресек Грузия еліне тиесілі мемлекеттік жүгі бар автокөліктер Өзбекстанға қарай бағыт алуда. Гуманитарлық жүккөліктері арқылы көршілес Өзбек еліне медициналық маскалар жеткізіледі. Коронавируспандемиясына байланысты кешенді шаралар аясында Қазақстан РеспубликасыИндустрия және инфрақұрылымдық даму министрліг...

14 сәуір, 2020

Бүгін — Ғарышкерлер күні.

1961 жылы 12 сәуірде Кеңес Одағы қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан әуе кеңістігіне «Восток» кемесін аттандырды. Ол кемеде әлем тарихындағы орбитаны бойлай ұшқан тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин болды.⠀1991 жылы ғарышқа қазақ баласы Тоқтар Әубәкіров көтерілді. Бұдан кейін де қазақтың қайсар ұлдарына ғарышты бағындыру бұйырды. Олар: Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов. Олай болса, мереке құтты болсын! Фотогалерея ...

12 сәуір, 2020

ӘЗ-НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін – әз Наурызбен шын жүрекпен құттықтаймыз! Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт – береке әкелсін. Баршаңызға амандық, саулық, дастархандарыңызға молшылық тілейміз! Құрық Порты⚓ Фотогалерея ...

22 наурыз, 2020