Жаңалықтар

Біздің қызметкерлер

Қайырлы күн құрметті оқырмандар! «Біздің қызметкерлер» айдарын жалғастырамыз. Майра Кеңесқызы Жолдыбаева «Құрық порты» ЖШС кеңсе басшысы қызметін атқарады. 1998 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін "Аударма ісі", "Орыс мектептерінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1998 жылы мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған. 12 жыл ұстаздық қызметтен кейін 2010 жылы «АХТСП» АҚ-на мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маман болып ауыс...

24 ақпан, 2021

Маңғыстау-Медиа журналистерімен кездесу

Маңғыстау-медиа орталығында «Құрық порты» ЖШС бас директоры Ахметов Серік Жетпісбайұлының журналистермен кездесуі өтті. Бұл кездесуде тілшілерге паромды кешеннің жұмысымен танысуға және қызықтыратын сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік туды. Іс-шара журналистердің порт қызметі туралы білімдерін арттыруға арналған. «Бүгін Маңғыстау-медиа ұжымымен кездесу өткіздік, себебі барынша компания жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге және баспасөз орталықтарымен байланысты орнатуға тырысамыз. Журналис...

24 ақпан, 2021

Күн саны

5 жылдық мерейтойын Құрық порты осы жылы атап өтеді. Фотогалерея ...

23 ақпан, 2021

Біздің қызметкерлер

Қайырлы күн қымбатты оқырмандар! Бүгін «Біздің қызметкерлер» айдарын жалғастырамыз. Бүгінгі айдарымыздың кейіпкері Байтиев Ердәулет Сайлаубайұлы компаниямызда порт диспетчері қызметін атқарады. Қазақ Көлік және Байланыс академиясының түлегі. 2003 жылы аталған жоғары оқу орнын «Теңіз көлігі» факультетінде бітірген. Құрық портында 2017 жылдан бері жұмыс жасайды. Осы жылдар аралығында өзін тек қана жақсы іскерлік қасиеттерімен көрсете білді, сол себепті әріптестерінің арасында үлкен құрметк...

18 ақпан, 2021

Күн саны

Қазіргі уақытта Құрық портындағы қызметкерлер саны 160 адамды құрайды. Олардың басым бөлігі жергілікті мамандар. Олардың ішінде 15 адам Қарақия ауданының тұрғындары, төртеуі тұрақты режимде, 11 адам азаматтық-құқықтық келісім-шарт брйынша қызмет атқарады. Сонымен қатар, порт аумағында мемлекеттік қызметкерлер – кедендік, шекара, фитосанитария, ветеhb нария және «Қазпошта» АҚ қызметкерлері жұмыс жасайды. Фотогалерея ...

15 ақпан, 2021

Құрық портында жаңа терминал салынады

Ағымдағы жылдың ақпан айында "ҚТЖ "ҰК" АҚ, "Құрық порты" ЖШС және "Kaspi Grain Way" ЖШС арасында Құрық портында терминал салу бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл Құрық портын дамыту аясындағы "ҚТЖ "ҰК" АҚ жүзеге асырып жатқан жаңа жобасы. Аталған шараға паромды кешеннің бас директоры Ахметов Серік Жетпісбайұлы қатысты. 2022 жылы бір мезгілде 25 000 тонна дәнді дақылдарды сақтайтын қуаты жылына 1 млн.тонналық терминалды іске қосу жоспарлануда. Терминал Қаза...

11 ақпан, 2021

Біздің қызметкерлер

Қайырлы күн қымбатты оқырмандар! Бүгін «Біздің қызметкерлер» айдарын жалғастырамыз. Айдарымыздың кезекті кейіпкері Бурабаев Рауан Ниязұлы. «Құрық порты» ЖШС жобаларды сүйемелдеу секторында 1-ші санаттағы менеджер қызметін атқарады. 2006 жылы М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және байланыс академиясын «Инженер» мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, бірқатар біліктілігін арттыру курстарынан өткен, оның ішінде, «төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бойынша біліктілікті арттыру», «е...

09 ақпан, 2021

Күн саны

2020 жылы «Құрық порты» арқылы 774 690 тонна жүк импортталды Фотогалерея ...

08 ақпан, 2021

Құрық порты арқылы саяхат

Каспий теңізіндегі халықаралық тасымалдардың үлкен үлесі паромдық өткелдер арқылы жүзеге асырылады. Халықаралық көлік дәліздерінің дамуына байланысты Каспий теңізі бойынша паромдарда жолаушылар тасымалы өте қызықты болып табылады. Жолаушыларға Құрық паромдық кешені арқылы «Professor Gul» паромына билеттер сатып алып, «Құрық – Баку – Құрық» бағыты бойынша саяхаттау мүмкіндігі бар. "Professor Gul" кемесі жолаушыларды, жүк және жеңіл автомобильдерді, теміржол вагондарын, тіркемелер мен салқ...

05 ақпан, 2021

Біздің қызметкерлер

Қайырлы күн қымбатты оқырмандар! «Біздің қызметкерлер» айдарын жалғастырамыз. Айтбаев Асқар «Құрық портының» бағыттау қызметінің маманы болып жұмыс жасайды. Ақтау қаласындағы Ш. Есенов атындағы ҚМТжИУ түлегі. Аталған жоғары оқу орнын 1999 жылы «автомоибиль шаруашылығының инженер-механигі» мамандығы бойынша бітірген. Біздің портта жұмыс жасағалы бері тек қана жақсы іскерлік қасиеттерімен ерекшеленеді. Тапсырмаларды сапалы және уақытылы атқаратындықтан әріптестерінің арасында сыйлы. Ө...

02 ақпан, 2021

Күн саны

785330 тонна жүк 2020 жылы Құрық порты арқылы эксортталған. Фотогалерея ...

01 ақпан, 2021

Құрық порты плей-оффта

Құрық портының аяқ доп шеберлері футзалдан «NS Club»-тың ұйымдастыруымен алғашқы рет өтіп жатқан турнирінің плей-офф кезеңіне жлдама алды. Бүгінгі тартысты өткен бәсекеде спортшыларымыз табандылық пен қайсар мінездің арқасында топтан шығу мәртебесіне ие болды. «Қарақия» футбол клубымен болған ойында футболшыларымыз командадағы туындаған келеңсіздіктер мен қиындықтарға қарамастан тең есепті ұстап қала алды. Бұл нәтиже келесі турға өтуге деген соңғы мүмкіндік болатын. Дегенмен жігіттер сәт...

30 қаңтар, 2021